М. Түсіпова атындағы балалар хирургиясы, ортопедия және педиатрия кафедрасында білім алушылар баяндама оқыды

М. Түсіпова атындағы балалар хирургиясы, ортопедия және педиатрия кафедрасында білім алушылар баяндама оқыды

2020 жылғы 7 қазан күні М. Түсіпова атындағы балалар хирургиясы, ортопедия және педиатрия кафедрасында оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында кафедра меңгерушісі, PhD Д.О. Ахметжанова, м.ғ.к. М.С. Санбаев жетекшілігімен докторант балалар хирургиясының ассистенті А.Д. Жаркимбаева, Е.М. Гамзаева және балалар хирургиясының резиденттері Е.Д. Шаймұрат, Б.А. Далелханов, Е.К. Мырзаханов, Ж.Б. Байгожинова, Ж.К. Орумбаева, резидент-педиатрлар Г.Е. Скакова, Е.Е. Садықова, Н.Е. Омарова қатысуымен мемлекеттік тілде баяндама тындалды. 3 курс балалар хирургиясы кафедрасының резиденті Е.Д. Шаймұрат «Балалардағы көкбауыр тінінің аутотрансплантациялаудың нәтижелері» тақырыбында ғылыми жұмысын баяндады. Ғылыми жұмыстың жетекшісі м.ғ.к. М.С. Санбаев, м.ғ.к. иммунолог Ф.Ф. Ягофаров. Резидент педиатрлар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Студенттерді Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмысына тарту-білім алушылардың кәсіби қасиеттерін дамытуға ықпал ететін оқу үдерісіндегі маңызды бағыттардың бірі екендігіне тағы да көзіміз жетті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі