Мерейлі мерейтоймен құттықтаймыз!

Мерейлі мерейтоймен құттықтаймыз!

Бұл күндері факультеттік терапия кафедрасының доценті Рабиға Ізетқызы Әлібекова өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Бірнеше онжылдықтар бойы Рабиға Ізетқызы біздің университетте жас буын дәрігерлерін оқытумен және тәрбиелеумен айналысып келеді. Ол жоғары курс студенттерімен өз білімімен бөлісіп, дәрігерлік шеберлік негіздерін үйретеді. Рабиға Ізетқызының науқастарды қарауы және клиникалық талдауы дәрігердің жоғары санатты жұмысының үлгісі болып табылады, студенттерге біздің мамандығымыз бен дәрігерлік борышымыздың ерекшеліктерін дұрыс түсінуге көмектеседі.
Рабиға Ізетқызы медициналық білім берудегі заманауи талаптарға сай жаңа оқыту технологиялары мен жоғары мектеп оқытушысының құзыреттілігін меңгерген. Р.И. Әлібекова өткізетін дәрістер мен практикалық сабақтар материалды терең талдаумен, баяндаудың үйлесімділігімен және нақты практикалық ұсынымдармен сипатталады. Ол әдістемелік жұмыстармен белсенді айналыса отырып, студенттер мен практикалық денсаулық сақтау үшін үнемі ұсыныстар шығарады.
Р.И. Әлібекова өңіріміздің нефрологиялық қызметінің қалыптасуының бастауында тұрды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының нефрологтар және диализ дәрігерлері қоғамының мүшесі бола отырып, мамандандырылған дәрігер кадрларды даярлау бойынша жұмысын жалғастыруда. Рабиға Ізетқызы терапевтік профильдегі дәрігерлерге, нефролог мамандарға дипломнан кейінгі білім берумен шұғылдануда. Ол өзінің мысалымен тәжірибелік дәрігерлерге ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ғана емес, сонымен қатар өзінің клиникалық тәжірибесін де жеткізудің маңыздылығын көрсетеді.
Рабиға Ізетқызы Әлібекованы ерекшелейтін қасиеттеріне: табиғи қарапайымдылық пен парасаттылықты ұштастыратын жауапкершілік, эрудиция және кәсіпқойлық жатады.
Құрметті Рабиға Ізетқызы! Біз үшін Сіз үлгісіз! Сізге зор денсаулық, одан әрі жемісті жұмыс және еңбекте табыс тілейміз. Сізге шыдамдылық тілейміз, онсыз дәрігер, әлемдегі адамгершілікке мол мамандықтың өкілі бола алмайды. Сіздің барлық күш-жігеріңіз мақсатына жетсін, ал әрбір күн емделушілердің алғыс сөздерімен, әріптестеріңіздің қолдауымен және мейірімділігіне, достарыңыздың күлкісімен қуанышына толсын!
Мерейтойыңызбен, құрметті Рабиға Ізетқызы!
Факультеттік терапия кафедрасының ұжымы
Жарияланды: