Магистранттар мен докторанттардың жоспарланған тақырыптарын бекіту

12, 13, 14, 15 қазан күндері Семей қаласының Медицина Университетінде «Қоғамдық  денсаулық сақтау», «Медико-профилактикалық іс», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттардың жоспарланған диссертациялық тақырыптарын бекіту кафедрааралық отырысында тындалды. Отырыста төрайым, доцент Самарова Умитжан Сапарғалиевна және барлық комиссия мүшелері қатысты. Магистранттар мен докторанттар тақырып өзектілігін, мақсатын, міндеттерін және  алға қойылған жұмыс жоспарларын ұсынды. Комиссия мүшелері өз тараптарынан  сұрақтар мен ұсыныстарын көрсетті.  Барлық магистранттар мен докторанттарға бастаған жұмыстарына саттілік тілейміз!

 

Кафедрааралық  отырыс хатшысы Жадра Калбагаева

Жарияланды: