«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының Семей медицина университеті бөлімі қазақ халқы тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында таныту мақсатында ұйымдастырған «Тұлғатану» шарасы аясында 19-24 қазан аралығында Сəкен Сейфуллин апталығын өткізді.
Апталық барысында ұйымның кіші топтары қазіргі қазақ əдебиетінің негізін қалаушы, ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин шығармаларын оқып, шағын видеороликтер түсірді. Студенттер еңбегін «Jas Otan» Жастар Қанаты ШҚОФ жетекшісі Айтмұқаш Алмас, «СМУ» КеАҚ студенттік ректоры Жаныбеков Ерасыл, «МедУнивер» жайдарман тобының мүшесі Болатқанов Мерей, «Salauat» дебат клубының төрағасы Азамат Елдар және «Jas Otan» ЖҚ «Семей медицина университеті» КеАҚ бөлімі төрайымы Алгазинова Аяжан мен ұйым мүшесі Антеев Айдыннан құралған әділ-қазы алқасы бағалап, жеңімпаз топты анықтады. Жарыс нәтижелері бойынша «Үш бәйтерек» тобы жүлделі I орынға ие болса, «Алау» тобы II, «Позитив» тобы III орынды иеленіп, сертификаттармен марапатталды.