Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы – олардың білімдері мен тәжірибелік дағдыларын қолдана отырып, жоғары білімді, сапалы маман даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдардың бірі. Сонымен қатар, олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейсті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында ZOOM бағдарламасы арқылы профессорлық-оқытушылық құрам және студенттердің қатысуымен СҒҮ «Ғылым таппай мақтанба» атты тақырыбында алғашқы отырысы өтті. СҒҮ мүшелігіндегі 4-ші және 7 курс аралығындаға 25 студенттің толық дауыс беруімен студенттік төрағалыққа Алмас Ерлан сайланды. Жұмыс жоспары талқыланып, ғылыми-жұмыс жетекшілері бекітілді. Кафедраның СҒҮ тұрақты мүшесі, 7 курс интерні Алексей Шавровский «Основные понятие в биостатистике. Методы описания совокупности. Понятие о распределении» тақырыбында баяндама жасады. СҒҮ мүшелері Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба…» шығармасы бүгінгі күнде өз құндылығын жоймаған, жастарға жол сілтейтін бой тұмар деп бағалайды.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасның СҒҮ жауапты, ассистент Е.С. Смаилов