Коронавирусты инфекцияның клиникалық ерекшеліктерін, диагностикасын және еміне арналған семинар өтті

Коронавирусты инфекцияның клиникалық ерекшеліктерін, диагностикасын және еміне арналған семинар өтті

СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасында кафедра меңгерушісі И.М. Эфендиев басшылығымен жоспарлы түрде 2020 жылғы 15 қазан күні «Ересектерде және балалардағы коронавирусты инфекцияның клиникалық хаттама бойынша клиникалық ағымының ерекшеліктері мен емі» тақырыбында семинар өткізілді. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Э.М. Ержигитова коронавирусты инфекцияның клиникалық ерекшеліктерін, диагностикасын және емін презентация түрінде таныстырды. Семинарға Семей қ. жұқпалы аурулары ауруханасының дәрігерлері, кафедра меңгерушісі И.М. Эфендиев және профессорлық-оқытушылық құрам, 2 жыл резидент-инфекционистер, ЖТД 605, 606 және 607 топтар қатысты.

Коронавирустық инфекция COVID-19 коронавируспен қоздырылатын ауыр  респираторлық инфекция. Бұл  вирустық инфекция жеңіл түрде де, ауыр түрде де өту қаупі бар ауру. Оның ерекше асқынулары вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге  әкелуі мүмкін. Қазіргі таңда бұл аурудың вирусқа қарсы емі әлі дәлелденбеген, дегенмен вирусқа қарсы этиотропты препараттардан ремдесивир және фавипиравир қолданған науқастардан клиникалық симптомдарының тез басылуы, асқынулардың даму қаупінің төмен көрсеткіштері анықталған.

Конференция соңында кафедра меңгерушісі И.М. Эфендиев өзінің коронавирус ауруларымен қызыл зонада күресу кезіндегі  пайдалы тәжірибелерімен бөлісті.

Жарияланды: