Ағымдағы жылдың 27 қазанында Т.А.Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының профессор қызметін атқарушы Н.М.Уразалинаның «Жалпы медицина» мамандығының 3215 кураторлық тобы ҚеАҚ «СМУ» жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының доцент қызметін атқарушы, м.ғ.к. Е.М Смаилмен кездесті. Кездесу ZOOM конференциясында өтті. Кураторлық сағаттың тақырыбы «Covid -19 кезіндегі вакцинация: оң және теріс жақтары». Топтың 10 студенті мен куратор қатысты. Топ студенттерімен тақырыптық презентация дайындалы.
Өкінішке орай, аймақтағы эпидемиологиялық ахуал қайтадан ушығып тұр. Қалалық ауруханаларға COVID-19 ауыратын науқастар жатқызылып жатыр. Жазғы жағдайдан айырмашылығы – кереуеттер жеткілікті, қосымша ауруханалар ашылды. Ең бастысы дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде. Қала тұрғындары қарапайым санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамай отыр.
Ербол Мүсілімұлы үшінші рет қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының «қызыл аймағында» болды. Бөлімдегі науқастардың күн сайын азап шеккенін көру физикалық және психикалық тұрғыдан өте қиын болды. Мамандар бұл инфекцияны зерттеуді жалғастыруда. Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде бірінші болып тіркеді және вакцинаның жаппай өндірісін бастады.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында (БҚПҒЗИ) жасалған коронавирустық инфекцияға қарсы QazCovid- in вакцинасының клиникалық сынақтары басталды. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі құжаттарды мұқият тексергеннен кейін QazCovid-in клиникалық зерттеулерінің бірінші және екінші фазаларын өткізуге рұқсат берді. Вакцинаның клиникалық зерттеулеріне 18-50 жас аралығындағы өз ниетімен,сау адамдар қатысады.Зерттеудің 1-фазасында,вакцинаның қауіпсіздігін анықтайтын,коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 адам қатысады.2-фазада,иммуногендікті анықтауға бағытталған,200 адам қатысатын болады.
Вакцинация «тек ерікті түрде» жүргізілуі керек, сонда ғана орыс және қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін бәрі пайдалана алады. болады. Е.М Смаилдың мұқият және шынайы сөзінен кейін студенттер мен куратор сұрақтар қойды. Ол қойылған сұрақтарға өте егжей-тегжейлі және сауатты жауап берді.
Қорытындылай келе, Ербол Мүслімұлы ауру қаупін азайту және коронавирустық инфекцияның таралуы жөніндегі ұсыныстарды тағы бір рет еске алды. Әрқайсымызға әлеуметтік арақашықтықты сақтау, бет перде кию және қолды жиі жуу қажет. Сіз өзіңіздің ғана емес, жақындарыңыздың да денсаулығы туралы ойлануыңыз керек! Кураторлық топ студенттері мен куратор Уразалина Н.М. атынан Смаил Ербол Мүслімұлына қызықты және пайдалы кездесу үшін алғысымызды білдіргіміз келеді!
Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасы