Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы

Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы

2020 жылғы 23 қазан күні Семей медицина университетінің психологтары А.М. Асылбекова, Э.А. Жакупбекова 18 қазан – Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация» мамандығының студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – өзара түсіністікке, келісім мен татулыққа бағытталған тұлғааралық, ұлтаралық құндылықтардың қалыптасуына ықпал ету.

Сонымен қатар, адамның шығу тегіне, дініне және қоғамдағы орнына қарамастан, құрметпен қарауды насихаттау және қалыптастыру; Толеранттылықтың негізгі ерекшеліктерімен таныса отырып, «толеранттылық» ұғымы туралы түсінік қалыптастыру; Патриоттық сезімді, руханилықты және басқа дін өкіліне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Іс-шара барысында, студенттер 3 командаға бөлініп, өздеріне берілген сұрақтар жауап беріп, командаға берілген жағдаяттарды шешіп, өз ойларын білдірді. Команданың спикерлері Мөлдір Бахрамова, Айдана Бижуманова, Анар Садыкова «Қазақстан халықтары Ассамблеясы қызметінің негізгі мәні неде?» деген тақырыпта сөз қозғап, талқыға салды. Сонымен қатар, команданың капитандары Анар Садыкова, Амирлан Аскаров, Алемжан Решатов «Қазақстан халқына неліктен және не үшін халықтың ұлттық және рухани келісімі қажет?» деген тақырыпқа шағын баяндама жасады. Психологтар А.М. Асылбекова, Э.А. Жакупбекова студенттердің сөздерін қортындылап, Халықаралық Рухани келісім күні — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі екенін атап өтті. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн — қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: