Қазақстан ғылыми зерттеулер мен білім беру сияқты салаларда халықаралық деңгейге бағдар ұстауда. Осы маңызды себеппен студенттермен алмасу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бағытты еліміздің студенттеріне бей-жай қарамайтын үздік қазақстандық университеттер дамытуда. Біздің университет те аталған жоғары оқу орындар қатарына кіреді.
Осыған байланысты SCORE және SCOPE комитеттері қоғамдық комитеттердің жұмысымен танысу, сондай-ақ осы мәселелерге қатысты бірқатар тақырыптарды талқылау мақсатында университет басқармасымен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға басқарма төрағасының стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Нұржан Сарсынбекұлы Айдосов қатысты.
Басқарма айырбастау комитеттерінің атқарған жұмыстарын атап өтіп, қолдау білдірді. Себебі шын мәнісінде кең оқыту базасы ұсынылады және жаңа мәдени ортаға енуге мүмкіндік беріледі. Қазақстан азаматтары үшін басқа елдерде оқу перспективасы айтарлықтай жоғары, сондықтан біз әркімге осындай мүмкіндік берілу үшін бар күш-жігерімізді саламыз.