2020 жылдың қазан айында Семей медицина университетінің “Жалпы медицина” мамандығының 1223 топ студенттеріне топ кураторы Б.А. Жоргатаева Zoom платформасында Абайдың 175 жылдығына орай онлайн тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаттың негізгі мақсаты – дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Абайдың шығармалары, яғни, өлеңдері және қара сөздерімен келешек ұрпаққа не айтқысы келгенін, әр қара сөзінің тереңгі мағынасына тоқталып, топ студенттері өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, студенттер өзіне жақын Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқып берді. Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес, басқа мемлекеттер қазақты Абай арқылы таниды, ақынның шығармашылығын жоғары бағалайды. Ақынның жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады. Ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өту, біздің еліміздің әлемге танылуына тың серпін беретіні айқын.
Куратор Б.А. Жоргатаева
Топ студенті Р.Б. Сейткалиева