Пандемиямен күрестің швед моделі

Пандемиямен күрестің швед моделі

27 қазанда «Салауат» дебат клубы 1-2 курстар арасында шведтік карантин моделі тақырыбында көрсетілім ойынын өткізді.

Көрсетілім ойынының басты мақсаты – студенттер арасында шведтік карантин моделі жайлы пікір алмастырып, карантиндік модельдердің тиімді әдісін ұсыну.

Пандемиямен күресу жөніндегі швед стратегиясы студенттер үшін өте қарапайым және  қызықты болып көрінді, яғни: карантинға жабылмау, ешнәрсеге тыйым салмау т.б. Швед моделінің осы ерекшелігі үшін оған студенттер тарапынан қызығушылық аударылды. Бірақ осы модель пайдалы ма?

10 миллион халқы бар Скандинавия елінде COVID-19-дан алты мыңға жуық адам қайтыс болды. Бұл осы шағын ел үшін жоғары көрсеткіш болып табылады.

Сондай-ақ, ойын барысында студенттер шведтік модельдің Қазақстандағы вируспен күресуге қолдануды ұсынып, салыстырмалы түрде дәлелдеді, және ойын барысында келесідей сұрақтарға жауап берілді. Бұл тиімді бола ма? Біздің елдің халқы үшін осы әдіс қаншалықты пайдалы? Қазақстан халқы осы модельді қабылдайды ма, немесе қандай да бір модельдің тиімділігі белгілі дәрежеде ел мен менталитетке байланысты болады ма?

Студенттердің көп бөлігі швед карантин моделін қазіргі таңда ең тиімді модель емес екенін айтса, біраз бөлігі бұл идеяны қолдады.

Швед карантин моделі тиімді ме?

Ойын қорытындысында осы сұраққа нақты жауап берілмеді, себебі ойын барысында шведтік карантин моделі мақсат етілгендей мәселенің уникалды шешімі болып табылмайтыны айқын көрсетілді.

[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар