2020 жылдың қазан айында “Жалпы медицина” мамандығының 1223 топ студенттері, куратор Б.А. Жоргатаеваның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты тақырыпта ZOOM платформасында онлайн пікірталас өткізді. Негізгі мақсаты – жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу. Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.
Куратор Б.А. Жоргатаевна
Топ студенті Мөлдір Құмарова