Өнер адамымен кездесу

Өнер адамымен кездесу

2020 жылдың 28 қазан күні Семей медицина университетінің студенттері Семей КВН филиалының директоры Еркебұлан Енкебаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер көкейде жүрген сауалдарына жауап алып, пікір алмасты. Директор түрлі тақырыпта сөз қозғап, Жайдарманның ең қызықты сәттерімен бөлісті. Көңілді, позитивті адамдардың қызықты жұмысы студенттердің көңілдеріне қуаныш сыйлады. Жүздесу түрлі сауалдар мен пікірлердің жоғары деңгейде қойылуымен ерекше мәнге ие болды.

Сонымен қатар, Жайдарманнан бөлек Еркебұлан мырзаның көптеген қоғамдық жұмыстарға да ат салысып жүргені белгілі. Пандемия кезінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға және науқастарға қол ұшын созған азаматтардың бірі. Тек қаламызда ғана емес, Арыста және Жетісайда болған оқиғалар кезінде құр қол қалмады. Осы тұрғыдан да біздің қоғамға үлгі болып жүр десек те артық емес. Қорытындылай келе, біз студенттерімізге адам баласының рухани бай болуы да өте маңызды екенін естен шығармаған дұрыс дегіміз келеді. Танымал тұлғалардың жақсы қасиеттерін өзімізге ала білсек, биік белестерді бағындыра аламыз!

4426 тобының студенті Амирлан Асқаров

Жарияланды: