Үздік спикер

Үздік спикер

Қазақ халқы қашанда шешендік өнерді бағалаған халық. Тілге жүйрік, сөз қисынын тауып айтатын сөз шебері халық арасында жоғары беделге ие болған. Бүгінгі таңда шешендік өнер ораторлық шеберлікте көрініс табады. Ораторлық өнер – бұл спикердің шешендік қабілетті, актерлік және психологиялық техниканы үйлесімді пайдалана отырып, қарсыластың немесе аудиторияның алдында өз ұстанымын көрсету, өз көзқарасын қорғауы. Осы тұрғыда жастар бойында көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілетін, әдемі, анық, таза сөйлеп, өзің аудитория алдында еркін ұстау, жағымды дауыспен сөйлеуді дамыту үлкен маңызға ие болып табылады.

 

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan»  Жастар Қанатының «Семей медицина университеті» КеАҚ бастауыш бөлімі қазан айының 29-30 күні аралығында инстаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы “Үздік спикер” сайысын ұйымдастырды. Сайыс барысында  жастар назарын әлеуметтік маңызға ие мәселерлерге аудару мақсатында тапсырма ретінде қоғамдағы өзекті, ауқымы бар мәселелер алынып, қатысушылар берілген тақырыптар бойынша өз ұстанымдары мен көзқарастарын қорғады. Сайыс қатысушыларын «Jas Otan» Жастар Қанаты ШҚОФ жетекшісі Айтмұқаш Алмас, “Jas Otan” ЖҚ Семей қалалық бөлімшесінің жетекшісі Бахтияров Темірлан, «Salauat» дебат клубының төрағасы Азамат Елдар және аталмыш ұйым мүшелері Сағымбекова Ботакөз, Қарабаева Алуа, «Jas Otan» ЖҚ «Семей медицина университеті» КеАҚ бөлімінің ақпарат бөлімі жетекшісі Ермуханбетова Фатима мен ұйым мүшесі Антеев Айдыннан құралған әділ-қазы алқасы бағалап, жеңімпаз студентті анықтады. Әділқазылар алқасы шешімі бойынша, сөз мәнерінің  шеберлігімен көзге түскен Азимбекова Еркежан “Үздік спикер” атанса, Мейірханова Аяжан жүлделі II орын, Рабил Балауса III орын иеленді. Байқауға қатысқан барлық студенттерге алғыс айта отырып, алда тағы биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар