2020 жылдың 31 қазан күні «Абайтану» ұйымы онлайн режимде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» байқауының II турына іріктеу кезеңін өткізді. Іріктеуге ұйым жетекшісі, жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Жайрбаева Жананұр Қамбарқызы қатысып, төрелік етті.
Байқау 5 бағытта өткізіледі:
- Абай өлеңдері;
- Абайдың қара сөздері;
- Абай әндері;
- Абай – әлем тілдерінде;
- «Абай әлемі» сурет өнерінде.
Іріктеу кезеңіне 9 студент қатысып, байқаудың әр бағыты бойынша өнерлерін ортаға салды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-нде өтетін «Абай әлемі» байқауының II турына жолдама алған студенттер: Төлеген Ақнұр («Абай өлеңдері»), Нұрахметова Жанерке («Абайдың қара сөздері»), Болатов Әлішер («Абай әндері»), Рымбаева Ұлпан («Абай – әлем тілдерінде») және Емберген Ернур («Абай әлемі» сурет өнерінде»). Байқаудың ІІ турына өткен студенттерге сәттілік тілейміз!