Шетелдік мамандарды шақыру бойынша университеттің стратегиялық даму бағытын жүзеге асыру аясында визитинг-профессорлар ретінде 2020 жылғы 10 қарашада «СМУ» КеАҚ профессор Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасында “Бас сүйегінің топографиялық анатомиясы, аймақтарға бөлінуі, балалар жасындағы ерекшеліктері” тақырыбында кафедраның жас оқытушылары мен білім алушылары үшін мастер-класс өтті. Мастер-классты Ресей Федерациясының ДМ Академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университеті анатомия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, доцент Павлов Артем Владимирович өткізді.
Қашықтықтан оқыту кезеңінде шетелдік профессорды шақыру тек оң нәтижелерге ие, өйткені кафедраның жас оқытушылары озық педагогикалық тәжірибені қабылдауға және кейіннен оны оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік алады. Дәріскер COVID-19 коронавирустық инфекциясының карантиндік кезеңінде қашықтықтан оқыту on-line технологияларын қолдана отырып ынтымақтастық пен мастер-класстарды қашықтықта өткізуге жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Кездесу Skype бағдарламасында өтіп, 46 тыңдаушы қатысты. Берілген дәрістің тақырыбы жас оқытушылар үшін де, студенттер үшін де өте қызықты, мазмұнды өтті. Әрі қарай «Бет аймағының топографиялық анатомиясы, аймақтарға бөлінуі», «Мойынның жасушалық кеңістігі, іріңді-қабыну процестерінің таралу жолдары» тақырыптарында мастер-класстарды өткізіп, белсенді ынтымақтастық жоспарлануда.
[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]