2020 жылғы 13-ші қараша күні Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 2116 топ студенттерімен Ұлттық валюта күніне орай Zoom платформасында кураторлық сағат өтті.
Кураторлық сағаттың мақсаты –Қазақстанның ұлттық валютасының тарихы, оның маңызын насихаттау, патриоттық сезімді ояту және теңге жайлы қызықты деректер алу.
Әр мемлекеттің экономикасының темірқазығы – төл валютасы екені түсінікті.
Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді. Ұлттық валюта болуы – елдің тәуелсіз болуының белгісі деп білеміз. Ал сол тәуелсіздікті ұстап қалу, елді дамыту біздің жастардың қолында.
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева
2116 топ студенті Сымбат Мухамадиев