Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 1218 топ студенттері 2020 жылдың қараша айының 16 күні куратор Камшат Төлеубаевнаның басшылығымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында онлайн- конференцияны өткізді.
Онлайн конференцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу, олардың зардаптарын жою сияқты тақырыптар талқыланды. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырып аясындағы конференцияға қатысқан әрбір студент белсенділік танытып толығымен осы тақырыпты ашуға тырысты.
Топ кураторы К.С. Толеубаева
1 курс 1218 ЖМ студенті У. Байганов