Елбасы тұлғасына арналған кураторлық сағат өтті

Елбасы тұлғасына арналған кураторлық сағат өтті

2020 жылғы 17 қараша күні “Жалпы медицина” мамандығының 1219 және 1106 топ студенттерімен “Еңселі елдің Елбасы” атты онлайн-семинар өтті.

Тәуелсіздік – батырларымыздың ұлы даланың қарыс жерін қорғау үшін төгілген қаны мен тері. Әр қазақ жерінде дүниеге келген пенде, туа салысымен елдің тәуелсіздігін, намысын қорғау міндетін өз мойнына алады. Хандардың, батырлардың аса ауыр “міндет” деген жүгін, ары қарай өз иығына алған біздің тұңғыш Елбасымыз – Нұрсултан Назарбаев Әбішұлы.

Іс-шараның мақсаты – әр шәкірттің ішіндегі елге деген патриоттық махаббатын одан ары жандандыру. Кемеңгер Елбасымыздың қадамдарынан үлгі алып, болашақта білікті маман ретінде Қазақстанның дамуына септігін тигізу. Семинар барысында “Сын сағаты” атты деректі фильм талқыланды. Әр студент өз түйген ойымен бөлісті.

ЖББП кафедрасы 1106 топ кураторы Ж.М. Жунусова                                                                                                                                                                                 1219 топ кураторы Қ.М. Белеуханова

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар