2020 жылдың 18 қарашасында гистология кафедрасының кураторлары мен «Жалпы медицина» мамандығының 210, 213 және 221 топтарының студенттері онлайн режимде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты «Елдіктің бастауы», «Болашаққа бастар жол» және «Бір ел, бір тағдыр» атты деректі фильмдерді көріп талқылады.
Доцент Д.А. Темірбеков айтып өткендей, «Бір халық, бір тағдыр» – бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының бастамасымен, қазақ халқының басынан өткерген қиын кезеңдерін еске түсіру үшін жасалған әлеуметтік жоба. Деректі фильмдер шынайы оқиғаларға негізделген. Әр оқиғаны жадымыздан шығармауымыз тиіс. Бұл өмір мен өлім туралы, қазақ халқының достыққа адалдығы мен жанқиярлығы туралы әңгіме. Барлығымыз қиын кезеңді бірге өткердік. Бірақ, қиындықтар мен сынақтарға қарамастан, біз ең басты нәрсені жоғалтқан жоқпыз – бірлік, келісім, бейбітшілік пен қоғамдық келісім.
«Біз, Қазақстан халқы, тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті айқындаған стратегиялық бағытты қолдауда ынтымақтастықты, бірлікті және келісімді көрсетуіміз керек», – деп кураторлық топ студенттері пікір білдірді.