«Бір ел – бір тағдыр» тәрбие сағаты

«Бір ел – бір тағдыр» тәрбие сағаты

2020 жылдың 20 қараша күні Семей медицина университетінің жалпы медицина мамандығының 1223 топ студенттеріне, топ кураторы Б.А. Жоргатаева Zoom платформасында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздіктің 7 қыры», «Бір ел, бір тағдыр» атты тақырыпқа қатысты қалыптасқан студенттердің түсінігін талқылау мақсатында онлайн тәрбие сағатын өткізді. Деректі фильмде көрсетілген «Бір ел – бір тағдыр» түсінігі бойынша, Жолдауда айтылғандай, біз – бәріміз тең құқықты, тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біз – көпұлтты қоғамбыз. Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс. Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Біз бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Бүгінгі «Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында топ студенттері өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Топ студенті Нүсіпбек Ернарды тыңдағанымызда, біздің болашаққа деген сеніміміз болмаса, толыққанды мемлекет бола алмаймыз. Сондықтан, әр азамат өз бойымызды және соңымыздан ерген іні-қарындастарымызды жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелесек, сонда ғана елге деген сүйіспеншілігіміз еселене түсіп, мемлекетімізді мақтан ете аламыз деген ойымен бөлісті. Студенттердің айтқанындай, ел тағдыры болашақ жастардың қолдарында. Бейбіт өмірдің қадірін түсінетін, оны сақтай білетін, ата аманатын орындайтын еліміздің азаматтарына сенеміз! Студенттеріміздің тәрбие сағатындағы тақырыпты талқылау нәтижесінен түйінгендері, «Қазақстан-2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы мәңгілік ел-идеясының маңызын түсініп, бірлікті, ел тарихын білуді, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуді, отанымыздың байлығын қорғауды саналарынан шығармауды тереңірек қабылдай білді. Білімді ұрпақ болуға, татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау қиын. Ең алдымен, өзгеге үлгі болу үшін өз ішімізді ретке келтіруіміз қажет. Жік-жікке бөлінбей, бірлігіміздің беріктігі басқа да ұлт өкілдерін бауырымызға тартуда үлгі болмақ.

Куратор Б.А. Жоргатаева

Топ студенті Р.Б. Сейткалиева

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар