“Балалардағы қант диабеті. Инсулиндік помпа – емдеудің тиімді және қауіпсіз әдісі” тақырыбында онлайн-семинар өтті

“Балалардағы қант диабеті. Инсулиндік помпа – емдеудің тиімді және қауіпсіз әдісі” тақырыбында онлайн-семинар өтті

Соңғы 20 жыл ішінде балалардағы қант диабетінің таралуы тұрақты өсуде. Қазіргі уақытта шамамен 16 жасқа дейінгі 1000 баланың 2-еуі осы дертке шалдыққан.

2020 жылдың 13 қарашасында Д.М. Тусупова атындағы балалар хирургиясы, ортопедия және педиатрия кафедрасында клиникалық тәлімгер Д.М. Иманмадиеваның жетекшілігімен 2 оқу жылы резидент-педиатрлары Н. Омарова мен Е. Кумарова 1, 2 оқу жылы резидент-педиатрлары мен 716-топ ЖТД интерндері үшін “Балалардағы қант диабеті. Инсулиндік помпа – емдеудің тиімді және қауіпсіз әдісі” тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Клиникалық жағдай баяндалып, аурудың себептері, диагностика және емдеу мәселелері талданды. Онлайн-семинар барысында 716-топ ЖТД интерні Еркебұлан Төребаевтың «Қант диабеті диагнозын қою үшін нақты қандай критерийлерге сүйенеміз?» деген сұрақ қойды. Резидент педиатр Н. Омарова жауап бергендей, қант диабеті диагнозының нақты клиникалық симптомдары: полиурия, полидипсия, полифагия немесе дене салмағының төмендеуі симптомдары болса, қосымша лабораторлы әдістерге сүйене отырып, нақты  қоюға болады. Іс-шараға қатысушылар чатқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар