2020 жылғы 21 қараша күні ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының “Molecular Genetics Researchers” студенттік ғылыми үйірмесінің отырысы өтті. Үйірменің жиналысына “Жалпы медицина” және “Стоматология” мамандықтарының қазақ, орыс және ағылшын бөлімдерінің 1, 2 және 3 курс студенттері қатысты. Отырысқа кафедра профессоры М.Р. Мыңжанов, кафедра меңгерушісі, доцент А.С. Оразалина, сондай-ақ, кафедра оқытушылары қатысты. Үйірменің төрайымы – “Стоматология” мамандығының 3 курс студенті Анар Садыкова.
Отырыс барысында студенттер ғылыми үйірменің жұмыс жоспарымен танысты. Баяндамаларға арналған өзекті тақырыптар қаралды. Сондай-ақ, 2-3 курс студенттері ғылыми қызметтегі тәжірибелерімен бөлісті. Отырыс достық жағдайында өтті, соңында студенттер өз пікірлерімен бөлісті және ұйымдастырушыларға өткізілген отырыс үшін алғыс білдірді.