Нұрсұлтан Назарбаев – ел дамуының келешегін көре алатын, нақты мақсаттар қоятын, Қазақстанның егемендігін қолдап, қамтамасыз ететін, көрші мемлекеттер басшыларымен достық қарым-қатынас орната алатын көшбасшы.
Қазақстанның тұңғыш президентінің есімі ел тарихына алғаш жол салушы ретінде енді, ол елдің қалыптасуы мен дамуы үшін зор жауапкершілікті өз мойнына алды. Оның халық алдындағы еңбегі туралы ұрпақтары білуге тиіс. Сондықтан ҚР Тұңғыш Президенті күні бекітілді.
Осыған байланысты 2020 жылдың 24 қарашасында КеАҚ «СМУ» Елбасы кітапханасымен бірлесіп ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шараға Ж.Қ. Жайырбаева мен кураторлық тобы, жалпы медицина мектебінің 2328 топ студенттері қатысқан болатын. Іс-шара барысында кітапхана директоры Әмірхан Рахымжанұлы сөз сөйледі. Аталған іс-шарада Қазақстанның дамуындағы қазақ зиялыларының рөлі, тәуелсіздік жолындағы елдің қиын жолы және тұңғыш президенттің республика мен бүкіл халық алдындағы ерен еңбегі сияқты тақырыптар қозғалды.
2328 ЖМ топ кураторы Ж.Қ. Жайырбаева
Диана Асқарқызы