«Абайтану мәселеріне қатысты көзқарастар» атты тақырыпта ой бөлісу пікірталасы өтті

2020 жылғы 25 қараша күні «Абайтану мәселеріне қатысты көзқарастар» атты тақырыпта «Абайтану» ұйымы мүшелері арасында ZOOM форматында ой бөлісу пікірталасы өтті. Шараға ұйым жетекшісі Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызы қатысты.

Іс-шараның мақсаты – ұйым мүшелерінің Абай мұрасы бойынша білімін тереңдетуге жағдай туғыза отырып, рухани болмыс пен адамгершілік бағдарларды, тәрбиелік әлеуеттерді олардың өз беттерінше ізденіп тануына, сол құндылықтарға бағдарлануына негіздейді. «Абайтану» ұйымы мүшелері сұрақ-жауап, пікірталастар, шығармашылық ойын түрлері арқылы тақырыпты аша білуге тырысты.

Абайтанудың кезеңдері сараланып, шығармашылығындағы тұлға, толық адам   концепциясына қатысты өзекті мәселелерге де назар аударылды.

Абай шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін ұлттық тәрбие тұрғысынан қарастырып, оларды бүгінгі күнде жастардың адами қасиеттерін қалыптастырудың кәдесіне жаратуды көздей келе, заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайдың мұрасы – халықтың ең қасиетті қазынасы.

«Абайтану» ұйымы жетекшісі Ж.К. Жайрбаева

«Абайтану» ұйымы белсенділері А. Дүйсебай, А. Қайдарова

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар