2020 жылдың қараша айының 30-ы күні Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 1111 топ студенттері қатысуымен (куратор М.М. Малик) «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты кураторлық сағат Zoom платформасында өткізілді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясатын білу, жастар жүрегінде Отанын, елін сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Осыдан жиырма тоғыз жыл бұрын егемендігімізді алып, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды. Қазақстанның дамуындағы қазақ зиялыларының рөлі, тәуелсіздік жолындағы елдің қиын жолы және тұңғыш президенттің республика мен бүкіл халық алдындағы ерен еңбегі айтылды. Біз, Қазақстан халқы, тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті айқындаған стратегиялық бағытты қолдауда ынтымақтастықты, бірлікті және келісімді көрсетуіміз керек. Н.Ә. Назарбаевтың ерен еңбегін айта кетуіміз керек, ол кісіге алғысымыз шексіз!
ЖМ 1111 топ студенті, А. Аманжолова