Инфекционист дәрігер COVID-19 індеті туралы  студенттерге дәріс оқыды

Инфекционист дәрігер COVID-19 індеті туралы студенттерге дәріс оқыды

Қалыпты физиология кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне инфекционист дәрігер Жанар Исабековамен онлайн-кездесу өткізілді. 2020 жылдың 27 қараша айында қалыпты физиология кафедрасының іс-шара жоспарын өткізуіне сай бүгінгі күнгі пандемияға байланысты COVID-19 атты тақырыбында дәріс жүргізілді. Аталған іс-шараға СМУ жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының инфекционист дәрігері Исабекова Жанар Бақытжанқызы шақырылып, коронавирустық инфекцияның алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша онлайн-кездесу өткізілді. Онлайн-кездесуге кураторлық топтар және кафедра ұжымы қатысты.

Студенттер Жанар Бақытжанқызын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Ол өзінің соңғы уақыттағы COVID-19 пациенттері емделетін университет ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімі негізінде провизорлы ауруханада жұмыс істеу тәжірибесі туралы айтты. ШҚО және Семей қаласында қалыптасқан ахуал, жеке қорғаныс құралдары және коронавирустық инфекциямен алдын-алу шаралары туралы айтылды. Студенттер тарапынан корановирусты инфекцияның ең алғашқы белгілері, асқынулары жағдайлары, қанша уақытта емделіп кетуге болатыны, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі туралы сұрақтар қойылып, оған нақты жауаптар алынды.

Студенттер мен оқытушылар Жанар Бақытжанқызына мазмұнды сұхбаты үшін алғыстарын білдірді. Қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Рахыжанова Сауле Орынгазиевна танымды сұхбаты үшін алғысын білдіріп, сонымен қатар студенттерді белсенді санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге, маска тағуға, қол жууға, қоғамдық және халық көп жиналатын жерлерде қашықтықты сақтауға шақырды.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: