2020 жылғы 30 қараша күні Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 1218 топ студенттері «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты тақырыпта онлайн кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта қазақтың ұлы ақыны, философы Абай Құнанбайұлы жайлы және оның шығармалары мен туындыларының терең мағынасы мен тәрбиелік мәні насихатталды. Абайдың дүниетану жолында кемеңгер шығармаларының, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы философтарының Абай және оның туындылары жайлы айтқан ой-пікірлерін қорыта отырып, олардың қазақ өміріндегі маңыздылығы түсіндірілді. Кураторлық сағат барысында ұлы ақынымыздың шығармалары, қара сөздері талқыланып, студенттердің ой-пікірлері талқыланды. Өткізілген кураторлық сабақта топ студенттері білмеген ақпараттарын толықтырп, дамытып, пікірлерін айта отыра белсенді қатысты.
Топ кураторы: К.С. Төлеубаева
Топ студенті: Айдана Қапезова