2020 жылдың желтоқсан айының 2-і күні Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2 курс 2116 тобының студенттері студенттік ортада тәрбие жұмысы және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша университеттік жоспардың «Құқықтық тәрбие» бағытын іске асыру мақсатында Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Әлия Бекишеваның қатысуымен арнайы жазылған бейнероликті көріп шықтық. Бейнеролик барысында Семей қаласында жастар арасында қылмыстық істер 2019 жылға қарағанда біршама азайғандығы туралы баяндады. Сонымен қатар жастар арасында интернет-алаяқтық, ұрлық сияқты қылмыс жиі тіркелетіні туралы айтылды. Көбінесе адамдар көп шоғырланатын жерде (дүкен, супермаркет, концерт, клуб және т.б.) орын алады. Сонымен қатар Семей медицина университетінің студенттері арасында қылмыстық істер тіркелмегендігі жайлы да айтылды. Сөз соңында Әлия Әлиқызына жастарға қылмыстық істер жасамау үшін түнгі клубтарға, көңіл көтеретін тағы да басқа орталықтарға түнгі уақытта көп бармауға, 18 жасқа толмаған студенттерге 23:00-ден кейін қыдырмауға кеңес берді. Себебі, көбінесе түнгі уақыттарда қылмыстық істер көбейетіні туралы ескертті. Тобымызда әлі 18-ге толмаған студенттер болғандығына байланысты бейнероликті мұқият қарап шығып, Әлия Әлиқызының ескертпелерін, ҚР Азаматтары құқығының ережелерімен бір танысып шықтық және назарға алатын болдық.
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Муздыбаева «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенті Аяжан Ризабекова