Гистология пәнінен алғашқы онлайн-олимпиада

Гистология пәнінен алғашқы онлайн-олимпиада

2020 жылғы 16 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Семей медицина университетінде «Стоматология» мамандығының 2 курс 6 студенттік тобы  арасында алғаш рет гистология бойынша пәндік онлайн-олимпиада өткізілді. Онлайн-олимпиаданың мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың асқорыту жүйесінің гистологиясы саласында өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру қабілетін, ғылыми-зерттеу жұмысының IT-құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту, танымдық белсенділігін ынталандыру.

Олимпиада бағдарламасына 3 сайыс кірді: 1-ші сайыс – команданың бейне сәлемдемесі; 2-ші сайыс – қашықтан оқыту техникасын қолдана отырып гистологиядағы өзін-өзі басқару күні; 3-ші гистологиялық препараттарды диагностикалау бойынша бейнероликтер байқауы. Бұл қашықтан өткізілген іс-шара біздің студенттеріміздің қаншалықты талантты және креативті екенін көрсетті. Әрбір команда байқау тапсырмаларын орындау кезінде шығармашылық тәсілді қолданып, қойылған міндеттердің бірегей шешімін көрсете білді. Сондай-ақ, олимпиада форматы сайысқа қатысушылардың болашақта кәсіби қызметінде қажет болатын командада жұмыс істеуге дайындығы мен қабілетін бағалауға мүмкіндік берді.

       Сонымен, біз гистология бойынша алғашқы онлайн-олимпиаданың нәтижелерін жариялаймыз:

бірінші орын – 201 топ, 205 топ

екінші орын – 203 топ

үшінші орын – 202 топ, 206 топ.

        Гистология бойынша бірінші онлайн-олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз! «Стоматология» мамандығының 2 курс студенттеріне гистология бойынша алғашқы онлайн-олимпиадаға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз.

 

Гистология кафедрасы

[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар