Мейірбике ісі кафедрасының ассистенттері А.М. Досбаева, М.М. Сағадиева, Р.М. Қисина, А.А. Кабдолданова «Жалпы медицина» мамандығының 1112 топ студенттері, «Мейірбике ісі» студенттерімен ZOOM платформасында онлайн кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкері, полиция майоры Әлия Бекишеваның қатысуымен арнайы жазылған бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик аяқталғаннан кейін топ кураторлары мемлекетіміздің Ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылғаны жайлы айтты. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс екені жайлы да сөз қозғалды. Заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет екендігі студенттерге жеткізілді.