«ЖИТС-мен күрес» тақырыбы аясында тәрбие сағаты

«ЖИТС-мен күрес» тақырыбы аясында тәрбие сағаты

Баршамызға белгілі бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1988 жылы 1 желтоқсан  күні – Дүниежүзілік ЖИТС/АИТВ-пен күрес күні деп белгіленді. Сондықтан осы 2020 жылдың 2-ші желтоқсанында  1 курс, «Жалпы медицина» мамандығының 1108 топ студенттері куратор Ж.Г. Елемесовамен бірге ZOOM  платформасында «ЖИТС-мен күрес» тақырыбы аясында тәрбие сағатын  өткізді. Студент Қатарбай Маржан осы тақырыпқа сәйкес презентация дайындап,  жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен  (ЖИТС)  күрес  жолындағы әлем және Қазақстан бойынша соңғы жаңалықтармен  бөлісті. Сондай-ақ, ЖИТС-ның ашылу тарихын, жалпы таралу жолдарын қарастырып өтті. Осы конференцияда айтылған ақпарат  студенттер  үшін бүгінгі күннің маңызды жаңалығы болды. Кездесудің соңына қарай куратор Ж.Г. Елемесова Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабындағы «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айтылған сөздерді тілге тиек ете отырып, жас ұрпақ темекі шегуге, спирттік ішімдіктерге және есірткіге құмар болмай, ағзамызға пайдалы жеміс-жидек, көкөністерді пайдаланып, сондай-ақ спортпен айналысып, денсаулықтарын нығайтуға ат салысу керектігін жеткізді. «Денсаулығы мықты және саналы жастар – біздің жарқын болашағымыз», – деп куратор сөзін аяқтады.

Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Ж.Г. Елемесова[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар