Студенттік ғылыми қоғаммен кездесу: қорытындылар мен болашаққа жоспар

Студенттік ғылыми қоғаммен кездесу: қорытындылар мен болашаққа жоспар

Студенттермен кері байланыс – Семей медицина университетіндегі оқу процесінің сапасын арттырудың және стратегиялық дамудың негізгі бағыттарының бірі. Осы бағыт аясында 2020 жылдың 8-9 желтоқсанында Басқарма Төрағасы – Ректор Е. Жүнісов, ғылым департаменті, студенттік білім берудің ғылыми бағытына жауапты кафедра қызметкерлері, студенттік ғылыми үйірмелердің төрағалары мен мүшелердің қатысуымен кездесулер өтті.

Кездесу барысында студенттердің ғылыми қоғамы мен ғылыми үйірмелер қызметінің өзекті мәселелері талқыланды. aisu.kz каталогынан студенттердің ғылыми жобаларын іске асыруға талдау жасалды. Студенттердің ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамыту, олардың университеттің ғылыми зерттеулеріне қатысуы, сондай-ақ студенттердің құзыреттілікке негізделген көзқарас шеңберінде шығармашылық тұлғалық даму құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беру арқылы кадрлар мен мамандарды даярлау сапасын арттыруға қолайлы жағдайлар жасау да талқылау тақырыбына айналды. Кездесу барысында білім алушылар студенттік ғылым туралы өз пікірлерін білдіріп, оқу жағдайларын жақсарту және студенттердің ғылыми процесін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс