СМУ студенттері жаңа оқу жылын пандемия салдарынан онлайн- режимде бастады. Бұған қарамастан академиялық ұтқырлық бағдарламасы қашықтан оқыту форматына ауысып жалғасуына. Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасында 2020 жылғы қарашаның 30-ы және желтоқсанның 9-ы күндері аралығында қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 4159 топ студенттері «Жұқпалы аурулар» пәнін академиялық ұтқырлық бойынша С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының оқытушысы Садыкова Айнұр Мараловнамен бірлесіп өтті. Цикл барысында Zoom платформасындағы видео-конференциялар арқылы студенттермен теориялық талдаулар жүргізілді, клиникалық жағдайлар талқыланды, сонымен қоса шағын-конференция өткізілді. Конференцияда біздің студенттер баяндама жасап қатысты. Сабақ соңында студенттерге шағын-конференцияға белсене қатысқаны үшін С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының атынан сертификат берілді.
Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы