Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні.
Семей медицина университетінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1111 тобы мен «Стоматология» мамандығының 1411 тобы студентеріне 2020 жылдың желтоқсан айының 14-і күні мереке қарсаңында, куратор М.М. Малик басшылығымен ZOOM платформасында онлайн-режимде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатқа 1111 тобы студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеудің тарихи алғышарттары туралы бейнероликтер дайындады. Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік.
Ата-бабамыз аңсаған азаттық таң, армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкте желбіреді. Тәуелсіз – елдіктің киелі кепілі, келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны.
Профессор, м.ғ.к., М.М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты М.М. Малик