ҚР Тәуелсіздік күніне орай гистология кафедрасында тәрбие сағаты өтті

ҚР Тәуелсіздік күніне орай гистология кафедрасында тәрбие сағаты өтті

2020 жылғы 11 желтоқсан күні гистология кафедрасының кураторлары мен «Жалпы медицина» мамандығының 210, 213 және 221 топтарының студенттері онлайн Zoom платформасында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тәрбие сағатын өткізді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – қазақ халқының басты құндылығы. Қазақстан халқының 1991 жылы жасаған таңдауының тарихи күші – ата-бабаларымыздың, қайтпас қайсар батырларымыздың ғасырлар бойы аңсаған еркіндік, тәуелсіз елде, бір-бірімен татулықта, келісім мен бейбіт өмір сүру, кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын құру. Кешегі желтоқсанның ызғарлы аязында әділдіктің алауын лаулатып, ел намысын ту етіп, ерлік танытқан аға-әпкелеріміздің қарсылығы азаттық үшін жасалған серпінді қадам еді. Қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналып, өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейді.

Тәуелсіздігіміз жариялағаннан бері көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Ең қымбат қазынамыз – ана тіліміз, көк туымыз, елтаңбамыз, төл теңгеміз, дініміз, киелі шаңырағымыз. Келешекте де біз көздің қарашығындай сақтап, болашақтың бағдаршамы ретінде ұстанатын боламыз.

«Біз тәуелсіз еліміздің осы күнді армандаған ата-бабаларымыздың, ел бостандығы жолында құрбан болған аға-әпкелеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етуге тиіспіз. Тәуелсіздігіміздің ғұмыры шексіз, тұғыры биік болғай!», – деп топ студенттері пікірлерін білдірді.

Барша қазақ елін 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Гистология кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар