Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінде 2021-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы еліміздегі эпидемиялық ахуалға сәйкес АСУ KEYPS, ZOOM (тестілеу АСУ KEYPS, құрылымдық ауызша емтихан, жағдаяттық есптер талдау ZOOM) платформалары арқылы қашықтықтан өтуде. Қашықтықтан білім беру жағдайында қысқы емтихан сессиясы емтихандарын өткізуге белгілі бір талаптар қойылады, мысалы, автоматты немесе синхронды проекторинг шарттарын орындау. Прокторинг жүйесінің негізгі міндеті – пайдаланушының веб-камерасына, микрофонына және жұмыс үстеліне кіру арқылы автоматты немесе жартылай автоматты режимде емтихан регламентінің сақталуын растау. Бұл нақты бақылаушы (проктор), емтихан алушы-оқытушы және емтихан тапсырушы студент. Суммативті емтихандар кафедра немесе пән директорлары дайындаған формат бойынша өткізілуде. Сессияның өту барысын қадағалау үшін арнайы емтиханның кестесі құрылып, сондай-ақ, арнайы құрылған кесте бойынша, Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің қызметкерлері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет құрамынан тұратын комиссия мүшелері емтиханның өту барысын арнайы жіберілген сілтеме арқылы ZOOM платформасына кіру арқылы қадағалауда.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу