СМУ оқытушылары академиялық ұтқырлық аясында дәрістер өткізуде

СМУ оқытушылары академиялық ұтқырлық аясында дәрістер өткізуде

2020 жылы 15 желтоқсанда академиялық ұтқырлық аясында Семей медицина университетінің профессор М.М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медициналық университетінің педиатрия факультетінің 304 топ студенттерінің білімін қорытынды бақылау жүргізді. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық аясында микробиология пәні бойынша сабақты ұйымдастыру және жүргізуде доцент, профессор М.М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасының меңгерушісі  Ф.С. Рахимжанова и доцент, жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының меңгерушісі С.Б. Маукаева қатысты. Екі ЖОО бекітілген тақырыптық жоспар негізінде сабақ жүргізілді. Әрбір тақырып клиникалық жағдай негізінде талқыланды. Оқу мақсаттарын орындауда оқытушылар әртүрлі оқыту әдістерін пайдаланды, яғни кейстер талқылау, топта жұмыс істеу, ОСПЭ және т.б. 304 топ студенттерінің бағалауы бойынша сабақ қызықты, түсінікті өтті, осындай мүмкіндік бергеніне ЖОО басшыларына және барлық оқытушыларға алғысын білдірді.

Жарияланды: