Студенттерге 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өткізілді

Студенттерге 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өткізілді

Әрбір қазақстандық үшін Тәуелсіздік күні – ерекше мереке. Қазақстанда бұл күн жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Мереке қарсаңында мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері А.М. Досбаева, М.М. Сағадиева, Р.М. Қисина «Жалпы медицина» мамандығының 1112 топ студенттері, «Мейірбике ісі» студенттеріне ZOOM платформасында онлайн-режимде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат өте жемісті және қызықты өтті, студенттер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеудің тарихи алғышарттары туралы презентация дайындады. Қазақстан – бір үлкен отбасына ұқсайтын мемлекет. Өз Отаны үшін мақтаныш сезімін сезінген әрбір тұрғын Қазақстанның қандай жолдан өткенін, қандай қиындықтарды еңсергенін және қандай биіктерге жеткенін ұмытпаулары керек. Елдің болашағы әрқайсымызға байланысты екенін есте ұстаған жөн, өйткені біз – оның халқымыз.

Мербике ісі кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты ассистент Р.М. Қисина

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар