Коронавирустың алдын алу жолдары қандай?

Коронавирустың алдын алу жолдары қандай?

Факультеттік терапия кафедрасында студенттермен үнемі коронавирустың алдын алу туралы әңгімелер өткізіледі. Жаңа  коронавирус — адамдарда осы уақытқа дейін анықталмаған коронавирустың жаңа штаммы. COVID-2019 деген атауға ие болған жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында аурудың таралуы барысында анықталды.

COVID-2019 жұқпасының белгілері басқа да респираторлық аурулардың белгілеріндей болуы мүмкін. Оның клиникалық белгілеріне мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел және дене қызуының көтерілуі жатады. Кейбір адамдарда ауыру ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі  мүмкін. Сирек жағдайда ауру өлімге де әкеледі. Бұл вирусты аурудың ауыр түрімен егде жастағы, сонымен қатар ағзасында басқа да патологиялары (мысалы, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдар жиі ауырады. Сондықтан да ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын табу қажет.

                                       Індеттен сақтану жолдары:                         

– Қолдарыңызды үнемі сабынмен жуыңыз және құрамында спирті бар заттармен өңдеңіз. Егер  қолдарыңызда вирус болса, бұл оны өлтіреді;

– Қоғамдық орындарда түшкіріп немесе жөтеліп жүрген адамдардан минимум 1 метр ара-қашықтықты сақтаңыз. COVID-2019   респираторлы жұқпамен ауыратын адам жөтелгенде немесе түшкіргенде вирус бар майда тамшыларды айналасына таратады. Егер Сіз науқас адамның жанында болсаңыз, онда вирусты сол ауаны жұту арқылы жұқтыруыңыз мүмкін;

– Қолдарыңызбен көздеріңізді, мұрныңызды және аузыңызды ұстамаңыз. Біз көптеген заттардың бетін қолдарымызбен ұстаймыз, онда вирус болуы әбден мүмкін. Содан кейін көзімізді, мұрнымызды және аузымызды ұстағанда қолымыздағы вирусты ағзамызға таратуымыз ықтимал;

– Медициналық масканы кию кейбір респираторлық аурулардың таралуын шектеуге мүмкіндік береді.

Індетті жұқтырған адаммен тығыз қарым-қарым қатыныаста болғанда, оны жұқтыруымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығын сақтауға міндетті, сол себепті той, ас беру, туған күн деген жиындарды тоқтатып, жақындарымыздың денсаулығын сақтайық!

Адамның басты байлығы – денсаулық демекші, біз әрқайсымыз өз денсаулығымызға жауаптымыз. Сондықтан COVID-2019 алдын алу шараларын сақтап, тек өзіміздің емес, бүкіл ұлт денсаулығын сақтаймыз.

Сабақ өту барысында COVID-2019 туралы құнды мәліметтермен бөлісіп отырған факультеттік терапия кафедрасының оқытушысы Селгазина Майгул Бектуровнаға үлкен рахмет.

 

Бахрамова Мөлдір және ЖМФ 5116 топтың студенттері

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар