Баршамыз асыға күтетін жарқын мереке Жаңа жылға санаулы күндер ғана қалды. Жаңа жыл ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке.
Жаңа жыл қарсаңында Семей медицина университетінің ұжымы көпбалалы отбасыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар таратты. Балалар өнерлерін паш етіп, ән шырқап би биледі, жүрек жарды тақпақтарын оқыды. Сыйлық алған балалардың ата-аналары университет ұжымына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға қатысуға ниет білдірген барша университет қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!