Жас маман-реабилитологтарды дайындауда қолданылатын оқытудың тиімді әдістері

Жас маман-реабилитологтарды дайындауда қолданылатын оқытудың тиімді әдістері

Реабилитация – қазіргі таңда елімізде енді ғана қарқын алып дамып келе жатқан мамандықтардың бірі және бүгінгі күні айтарлықтай сұранысқа ие. Мемлекет тарапынан сұраныстың артуына байланысты биыл Семей медицина университетіне мемлекеттік гранттар бөлініп, физикалық медицина және реабилитация мамандығы бойынша болашақ дәрігер-реабилитологтар дайындалуда.

Біз өзіміздің оқыту жүйемізде түрлі әдістер мен тәсілдерді сынақтан өткізіп, қолданып келеміз. Мақсатымыз – солардың ішінен заманауи, қажетті әрі озық оқыту жүйесін қалыптастыру.

Бүгінгі күні әр жүйе бойынша әр түрлі әдістер қолданудамыз. Мысалы, травматология және ортопедия жүйесінде травматолог-ортопед әріптестерімізбен бірігіп, интеграциялық сабақ түрінде өткіздік. Сонымен қоса, рөлдік ойындар, «стандартталған науқас», симуляционды тренинг және т.б оқыту түрлері мен әдіс-тәсілдері қолданылады. Біздің мамандықтың басқаларынан ерекшелігі теориялық білімнен бөлек әр науқасты индивидуалды қарау үшін мол тәжірибені қажет етеді.

Сөзіме дәлел болсын, бүгінде ЖШС «Тоқтамыс» балалалар оңалту орталығында Алия Рахметоллақызының басшылығымен әр аптаның дүйсенбісінде орталықтың қызметкерлері мен физикалық медицина және реабилитация мамандығының 1-ші курс резиденттерінің қатысумен семинар-сабақ өткізіліп, клиникалық жағдай талқыланады. Семинар басында қатысушыларға түрлі сұрақтар қойылып, ситуациялық есептер беріліп, ауызша талдау жүргізіледі. Семинар мақсаты – ем алуға келген баланы жан-жақты тексеріп, дәрігер реабилитологтың тағайындаған нұсқаулығын мекеме қызметкерлерімен таныстыру; ем алушы және ем жүргізуші инструкторлар мен дәрігер реабилитологтың арасындағы тығыз қарым-қатынас орнату; баланың анасымен баланың жалпы күтімі туралы әңгіме жүргізу.

2020 жылғы 21 желтоқсан күні оңалту орталығына алғаш келген 9 айлық  М. атты бала «стандартталған науқас» ретінде қаралды. Бала екінші жүктіліктен, жүктіліктің 35 аптасында, плацентаның уақытынан бұрын ажырауына байланысты кесар тілігі арқылы босандырылған. Анасының айтуы бойынша бала өз бетінше отыра алмайды және еңбектеуге талпынбайды. Объективті қарау кезінде: баланың аяқ-қол бұлшық еттерінің тонусы төмен екені анықталды. Жалпы бала белсенді, дене бітімі жасына сай, айналасындағы адамдарға қызығушылықпен қарайды.

Аталған балаға аяқ-қол бұлшықеттерінің тонусын жоғарылату мақсатында дене шынықтыру жаттығулары тағайындалып, жасалу тәсілдері мен реттілігі көрсетілді. Әр қатысушы өзі білетін ақпараттарымен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.

Оңалту емін кешенді түрде тағайындағаннан кейін сол науқасқа жауапты дәрігер-резидент баланың ем алуын күнделікті жіті қадағалап, анасына берілген нұсқаулықты үй жағдайында дұрыс жасалуымен, тамақтанудағы ерекшеліктерімен таныстырып, пайдалы мәзір құрастырып береді, сонымен қатар анасында ем және баланың күтімі жөнінде қандай да бір сұрақтар мазаласа, кез келген уақытта хабарласып сұрауына болатыны ескертіледі. Балаға қойылған диагноздың түріне байланысты кем дегенде 10 күннен 21 күнге дейінгі аралықта орталықтан ем ала алады. Ем аяқталған күні көшірме қағазы қолына беріліп, жазылған нұсқаулықтарды қатаң түрде орындауын тапсырып, келесі оңалту еміне қай уақытта келуі керектігі айтылады. Мұндағы біздің мақсатымыз орталыққа келген әр ем алушыға оңалту емінің үздіксіз және кешенді жүргізілуі, күткен нәтижеге көзделген уақытта қол жеткізуге болатынын айтып жеткізу. Дәл осы күні анасымен кері байланыс сұрақтары жүргізіліп,оңалтудан кейінгі нәтиже көрсетіледі.

 

Физикалық медицина және реабилитация мамандығының резиденті Бітснова Мөлдір Қайратқызы[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: