Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанды ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орыналуына ықпал етер бірден-бір құдірет – білім, білімді ұрпақ», – деп ХХІ ғасырды ғылым мен білімнің ғасыры атаған. Семей медицина университетінде ғылыми іс-шаралармен жұмыс істеуге мүмкіндіктер мол. Әр кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі құрылған. 2020 жылдың 15 қаңтарында Д.М. Тусупова атындағы балалар хирургиясы, ортопедия және педиатрия кафедрасында резидент педиатрлардың ғылыми үйірме отырысы өткізілді.
Ғылыми жетекші Д.О. Ахметжанованың жетекшілігімен 2 оқу жылы резидент-педиатры Н. Омарова және 1 оқу жылы резидент-педиатрлары Г. Советова, Ж. Рамазанова «Ерте жастағы балалардағы рахит ағымының ерекшеліктері, алдын алудағы маңызды сұрақтар» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн отырыс өткізілді.
Қатысушылар ғылыми жұмыс тақырыбы бойынша «Әр түрлі даму ақаулары бар балаларға Д витаминің тағайындауға болады ма?», «Көптеген ата-аналар қабылдауға келгенде балаға күн сәулесінің жетіспеушілігінен рахит туындайды деп ойлайды, бұл дұрыс тұжырым ба?», «Витамин Д қандай түрі алдын алу мақсатымен тағайындауда тиімді?», «Жүктілік кезінде витамин Д қабылдауға болады ма?» деген сұрақтары төңірегінде онлайн түрде белсенді дискуссия өрбітіп, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.