2021 жылдың 18 қаңтар күні «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығы базасында м.ғ.к., доцент А.Р. Алимбаева жетекшілігімен және «Физикалық медицина және оңалту» мамандығының резиденті А.К. Рахметуллина ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау ұйымына медициналық көмекке» байланысты «Тоқтамыс» қызметкерлеріне «COVID-19 кейінгі жағдайды оңалту ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – коронавирус инфекциясынан кейін ағзаны оңалтуды жүргізу арқылы толыққанды қалпына келтіру әдістері. Дер кезінде қалпына келтіру аурудың клиникалық ерекшеліктерін, жеке және психологиялық факторларды ескере отырып, мүмкіндігінше ертерек, жан-жақты және ұтымды жүргізілуі керек.
Дөңгелек үстел барысында тыныс алу динамикасын жақсарту, мазасыздық белгілері мен депрессияны жеңілдету, асқыну қаупін барынша азайту, функцияны қалпына келтіру, өмір сүру сапасын жақсарту және диетотерапия туралы сұрақтар талқыланды. Кез келген ауру ағза үшін стресс болып табылады, сонымен бірге ол кезде толыққанды тамақтануға тәбеттің жоғалуы пайда болады. Сауығу үшін адам ағзасына тағаммен келетін энергияны қалпына келтіру қажет. Коронавирус инфекциясы кезінде жоғалған тәбет, иіс пен дәмді сезіну қалпына біртіндеп келеді. Ас мәзіріне сорпа, ақ және қызыл ет, жеміс, көкөністі жеткілікті мөлшерде пайдалану қажет. Жаңғақ, жасыл шөптерді пайдаланған пайдалы. Егер асқазан-ішек жолдарының асқынған аурулары болмаған жағдайда қымыз, шұбат секілді ұлттық сусындарды ішу де өте пайдалы болып табылады.
Коронавирусқа шалдыққаннан кейін адамдар алғашқы екі айда COVID-19-дан кейін міндетті түрде оңалтуды қажет етеді. Әйтпесе, зерттеулер көрсеткендей, иммунитеті төмен, бірақ денсаулығына бұрын шағымы болмаған пациенттердің 35%-ында жүрек, өкпе аурулары, сондай-ақ басқа органдардың асқыну қаупі туындауы мүмкін. Коронавирустық инфекция бүкіл әлемді жайлап, адамдардың экономикалық және әлеуметтік өміріне көптеген өзгерістер әкелуде. Карантиндік шаралар, маска кию, қол гигиенасы және әлеуметтік аралықты сақтау – осылардың барлығы қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Қазіргі таңда бұл тақырып ғаламдық проблема болып табылуда, себебі қаншама адам осы аурудан зардап шегуде. Әрқайсымыз әлемде болып жатқан осы аурудың күресу жолдарын, алдын алу шараларымен ауырған жағдайдан кейін оңалту шараларын жүргізсек әр адамдардың жазылуына үлесіміз зор болар еді.
Физикалық медицина және оңалту мамандығының резиденті А.Е. Еркінова