ШҚО медициналық ұйымының қызметкерлері үшін жаңа короновирустық инфекцияны диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша семинарлар өткізу жоспарын орындау шеңберінде 2021 жылғы 2 ақпанда Семей медицина университетінде «Балалар мен жасөспірімдерде COVID-19 клиникасы және емдеу (16.10.2020 жылғы балалардағы COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес)» тақырыбында семинар өтті.
Онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы практикалық денсаулық сақтау қызметкерлері үшін оқытуды балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Имдат Мусаевич Эфендиев және кафедра ассистенті, асс. Эльмира Мауленовна Ержигитова жүргізді.
Баяндамашы Э.М. Ержигитова балалар мен жасөспірімдерде короновирустық инфекцияның клиникалық ерекшеліктерін, алдын алу және стационардан шығару критерийлері, жіктелу, ауырлық критерийлері, зертханалық диагностика, емдеу мәселелері бойынша баяндама жасады.
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Е.М. Ержигитова