ШҚО медициналық ұйымлары қызметкерлері үшін жаңа короновирустық инфекциясы және көп жүйелі қабыну синдромының балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты клиникалық ерекшеліктері, диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша семинарлар өткізу жоспарын орындау шеңберінде 2021 жылғы 8 ақпанда Семей медицина университетінде «Балалар мен жасөспірімдерде COVID-19 клиникасы және емдеу (16.10.2020 жылғы балалардағы COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес)» тақырыбында семинар өтті.
Онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы практикалық денсаулық сақтау қызметкерлері үшін оқытуды балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Имдат Эфендиев және кафедра ассистенті Эльмира Ержигитова жүргізді.
Баяндамашы Э.М. Ержигитова балалар мен жасөспірімдерде короновирустық инфекцияның және көп жүйелі қабыну синдромының клиникалық ерекшеліктерін, алдын алу және стационардан шығару критерийлері, жіктелу, ауырлық критерийлері, зертханалық диагностика, емдеу мәселелері бойынша баяндама жасады.
Соңында баяндамашы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Е.М. Ержигитова, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті