Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шара

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шара

«Барлығы да, Поэзия, сен үшін», – деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні.  Шындығында, Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнаған.

Ақынның туған күні – 9 ақпан. Бұл күн қай жерде болмасын жыл сайын  ақпан айында тойлана беретіні хақ. Міне, осы мақсатта Семей медицина университетінің «Абайтану» ұйымы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы өткізген кешке атсалысқан болатын.

Әдеби кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналды. Кеш барысында ақынның өмірбаяны таныстырылып, өлеңдері мен әндері көрермен назарына ұсынылды. Соңында ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Семей өңірі филиалының төрағасы Мерей Қарт сөз сөйлеп, кештен алған әсерімен бөлісті.

«Абайтану» ұйымының жетекшісі Ж.К. Жайрбаева

«Абайтану» ұйымының лидері М.Б. Болатқазы

Жарияланды: