2021 жылдың 10-шы ақпанында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Балалар аурулары» пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттері арасында онлайн-олимпиада өтті. Аталған интеллектуалды жарысты онлайн ZOOM платформасында кафедра ассистенттері Қ.Ж. Қойшыбаева және Д.М. Сакенова ұйымдастырды.
Олимпиаданың басталу сәтінде әділ-қазылар алқасының жетекшісі ретінде кафедра доценті Ж.К. Жагипарова жарысқа қатысушыларға құттықтау сөз айтып, сәттілік тіледі. Олимпиадаға 5 студенттен құралған «Пентада Фалло» (4412), «Эндорфин» (4419), «Активатор» (4430) топтары қатысып, білім жарыстырды. Әр команда өзін таныстыру мақсатында эмблемаларын, топ ұранын және топ туралы шағын видеосын әзірлепті. Таныстыру кезінде көзге түскен «Пентада Фалло» тобы болды, дайындықтары ерекше әсерлі шығыпты. Онлайн-олимпиада 4 кезеңнен тұрды: 1) Тесттік сұрақ-жауап; 2) Милық шабуыл; 3) Ситуациялық есептерді шешу; 4) «Кім жылдам?» капитандар сайысы. Студенттер команда болып жұмылып, әр топ мүшесі жеңіс үшін белсенді ат салысып, жоғары деңгейде білім көрсетті.
Олимпиада нәтижесі бойынша 1-орынды 165 балл жинаған «Пентада Фалло» тобы, 2-орынды 160 балл жинаған «Активатор» тобы және 3-орынды 123 балл жинаған «Эндорфин» тобы иеленді. Барлық командаларға марапаттау грамоталары мен құнды сыйлықтар ұсынылды. Сонымен қатар, онлайн-олимпиаданың қонағы ретінде қатысқан медицина мектебінің 4-5 курс бойынша декан орынбасары Н.С. Калиева студенттерге құттықтау сөзін айтып, олимпиаданың жоғары деңгейде өткенін атап көрсетті. Жарысқа қатысушылар алғыс айтып, оқытушыларға алған білімдері мен біліктілігі үшін ризашылықтарын білдірді.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]
[/vc_column][/vc_row]