Студенттерге онлайн білім берудің сапасын жақсарту және оқытушылардың АКТ-ның заманауи әдістерін қолдануын дәріптеу мақсатында 2021 жылдың 9 ақпанында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында өзге кафедра оқытушылары үшін мастер-класс өтті. Мастер- классты саралауға Медициналық білім сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Д.К. Қожахметова, «Жалпы медицина» 4-5 курс бойынша декан орынбасары Н.С. Калиева, Д.М. Тусупова атындағы балалар хирургиясы, ортопедия және педиатрия кафедрасының меңгерушісі Д.О. Ахметжанова, балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Қ.Ж. Қойшыбаева қатысты.
Мастер-класс кафедра ассистенті Ж.У. Кабдоллинаның жетекшілігімен, 4466 шетел тобының cтуденттерінің қатысуымен, «Балалар аурулары» дисциплинасының кезекті сабағын ағылшын тілінде өткізу барысында көрсетілді. Осы сабақ барысында студенттердің алғашқы және қорытынды білімі Google forms сервисі арқылы жасалған тест сұрақтары арқылы бағаланса, сабақтың негізгі тәжірибелік бөлімінде Prezi.com сервисі арқылы жасалған презентациялар және Google forms сервисін пайдаланып құрастырылған клиникалық есептер қолданылды. Көрсетілген АКТ қолдану барысында студенттердің білімі толысып, сабақ бағдарламасы жоғарғы деңгейде игерілді. Қатысушылар ризашылығын білдіріп, жағымды кері байланыс қалдырды.