А.А. Қозбағаров атындағы перинатология кафедрасында «Неонатология» мамандығы бойынша 2-ші оқу жылындағы резидент Ұлбике Әбілдаева 2020 жылғы 10 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 ақпан аралығында Риддер қаласында неонатолог маманы ретінде көмекке барып, өзінің жақсы дайындығын, білімін, біліктілігін жан-жақты көрсетіп, Риддер ауруханасы ұжымының алғысын алып қайтты. Іс-сапар барысында «Неонатологиядағы шұғыл көмек» тақырыбында аурухана қызметкерлеріне мастер-класс өткізді. Аурухана әкімшілігі Семей медицина университетіне осындай мамандар дайындағанына үлкен алғысын білдіреді.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу